Алмасақ үміт үзер тағы жастан, Өлсек те, ұмтылалық осы бастан. Өткізе алмай, еліне қайтса көшіп, Қаламыз асыл түгіл ине алмастан. Пұлы өтсе, үміті бар қуанбақтан, Еңбегім жанды ғой деп жұбанбақтан. Абай кетсе, осы елде кім қалады, Не табамыз наданнан сұранбақтан? Жарасымды мінезді жатқа алалық, Жанға қас жамандықтан сақтаналық! Арсыз, ғайбат, өтірік, ынсапсыздық – Бұлардан бой тасалап ақталалық! Қой, ойлалық шатылып, шата Оңамыз ба Абайдан бата алмастан? Асыл алсақ, асылын аямайды, Келді ғой өз еліне сата алмастан.