Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан». 1-сабақ Дұрыс жауап саны: 2
Жотасына қарашы, буыны қатпаған бала, шойыннан құйған алыптардың ескерткіші сияқты...
– Иә, оның да есебін табармын. Қысы-жазы құмырсқадай шұбыртып, жүргізіп отырған кіреге мұндай күш керек. Әсіресе ұзақ сапарға таптырмайды.
– Уәделескен он бес тиынды әкел. Мен бай кісі емеспін, ол маған тамақ болады. Жетпіс тиынды ауылдағы тарығып отырған әжеме жіберем, – деді жалпақ қайың күрекпен шөмелеген қарды биік қорадан асыра атып жатқан, беті бұрқыраған термен буланған бала.
– Бала, сен қайдан келдің, ә?.. Мен білем, сен Қызылжардікі емес. Қай болыс, қай ауылдікі?
– Ақмола облысы, Сарытерек болысы, Құрама ауылынан.
– Әкеңнің аты кім?
– Мұңайтпас Ернақов.
– Өз атың кім?
– Мұқан. Оны қайтесің?
– Сенімен тамыр болғым келіп тұр...
– Тамыр болып ат мінгізесің бе?
– Жарайды, мінгізейін. Сен маған жігіт боласың, дұрыс па?
Сайтта қате таптыңыз ба?
ZERO.kz

daryabatova daryabatova    2   23.02.2021 06:51    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi