Дайте ответ на 1-тапсырма:Көп нүктені қойылған орындардың қажетті деген жеріне көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, қандай үндестік заңына бағынып жалғанғанын түсіндіріңдер. - «Бозінген» күйі деп тартқанда боз торғай шырылдауын, бұл - бұл сайрауын қояды. Қазақ елі қайдағы қажыған күндерінің зәрлі зарын төгіп, шерін ақтарғандай болады. Азусыз аз ғана ел азғын күндерінің аянышты хәлдерін айта алатын мұңды күйді, зарлы үнді бізден тапқан. Алды жар, арты жау қаумалаған ділгер ел жау жетегінде кетіп бара жатқанда, шерлі жүрегін осы «Боз інген» күйлерімен босатқан. Шексіз қуанышы мен түпсіз қайғысын осы күйлер арқылы жете айта алған.
- Жасыған жан болсын, қалжыраған халықтар болсын, ең жіңішке, ең нәзік сезімдерін біздің мойынға артуының өзі басқа жануарлардан бір мойнымыз артық тұрғанын дәлелдейді,- деп сенеді Сары атан.
Мұнысы құрғақ даукестік те емес секілді. «Боз інген» күй толғауларын тоқсан толқытып, еңкелектетіп келіп еңіреткенде, тыңдаушылар бір күрсінбей қойған емес. «Боз інген» әркімнің шерлерін шертіп, қан қатқан жүректерін босатып жатқан секілденеді. Сулар ағуын, желдер соғуын тоқтатып даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас.