Аквариум (лат. aquarium - суқойма) — су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.
Оның кейбір түрін «дельфинарий», «океанариум» деп те
атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әртүрлі болып келе-
ді. Аквариумдар балықтардың табиғи жағдайына сәйкес
жабдықталып, онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы
құралмен аквариумға ауа жіберіліп, суы мезгіл-мезгіл ауыс-
тырылады.
Аквариумда ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі.
Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумда зерт-
телді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір
аудандарында гамбузия өсірілетін болды.