Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда Қостанай облысы «Сартүбек» деген жерде дүниеге келген. Табиғатынан аса дарынды туған бала — Ахмет 1882—1884 жылдары өз бетінше хат танып, содан кейін ауыл мектебінде сауат ашады. 1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары бала оқытады. 1909 жылы «Қырық мысал» жинағын шығарады. «Маса» жинағы А. Байтұрсынұлының ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді. Ғалым ІІ жалпы қазақ съезінде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. Ахмет Байтұрсынұлы 1929-1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, 1938 жылы жазықсыз атылды. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, сұраулы және демеулік шылауларды пайдаланып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыр. – 5 ұпай
2-тапсырма. Берілген сөздерге мәтіннен синонимдер теріп жаз
Выпишите синонимы с текста данным словам – 3 ұпай
Ұстаз –
Туған –
Білім ордасы -
3-тапсырма. Мәтінді оқып, кластер құрастыр. -2 ұпай
Тәкен Әлімқұлов — ақын, жазушы, әдебиет сыншысы. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген (1953). Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастады. Сол кезден жазушы ретінде танылды. Алғашқы өлеңдер жинағы — «Сапар» 1950 жылы жарық көрді. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы — ауыл тіршілігі, адам тағдыры, өнер қайраткерлерінің өмірі. Ол қоғамдағы жалғандыққа, бұрмалаушылыққа көнбеді. Адамның ішкі табиғаты мен сыртқы әре кетіндегі қайшылықтарды көркем шығармаға арқау етті. Жазушы Абай, Махамбет секілді тарихи тұлғалардың өмірі жайлы көркем шығармалар жазды. «Халықтар достығы» орденімен марапатталған (1978).
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер: - 5 ұпай
- Лиро-эпостық жырлар деген не? ( )
- Лиро-эпостық жырларға қандай шығармалар жатады? ( )
- Ұл мен қыз туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің? ( )