«Адыра қалғыр, қайырсыз қоныс» дегенді автор толғауда қалай түсіндіретінін тап. Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
Маңғыстаудың үш түбек
Оны-дағы алғаны.
Қайырсыз неге десеңіз,
Асан Қайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс,
Қалған екен солардан.
Біз де бір сондай болармыз
Артық па едік олардан?!
Дұшпан – тазы, біз – түлкі,
Қашсақ, ерікке қоймайды,
Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық
Құлғанадай қадалған.
Бұл не деген ғаламат,
Қазынасы кең Құдайым,
Сақтағайсың саламат!