Адам өзінің температурасын өлшегенде термометр 17,90 көрсеткен. Ол қандай термометрді қолданған? А) Цельсий шкаласы бар;
В) Кельвин шкаласы бар;
С) Фаренгейт шкаласы бар;
Д) Жарамсыз термометрді. [1]
Егеу мен білеушені өңдегенде ол қызады. Егеуді пештің үстіне қойсақ та ол қызады. Екі жағдайдағы дененің ішкі энергиясының өзгеруін түсіндіріңдер.

Төмендегі тұжырымдардың шын немесе жалған екенін анықтаңыз:
а) Судың меншікті жылусыйымдылығы мұздың меншікті жылусыйымдылығынан артық [1]
b) Дененің меншікті жылусыйымдылығы неғұрлым үлкен болса, оны қыздыру үшін соғұрлым көбірек жылу мөлшерін жұмсаймыз [1]
c) Меншікті жылусыйымдылығы заттың тығыздығына тәуелді [1]

Ас дайындау кезінде күнбағыс майын температурасы 100С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін 40500 Дж жылу жұмсалған. Қазанға құйылған майдың массасын анықтаңыз. (смай=900 Дж/(кг·ºС))
Бастапқы температурасы 100С, көлемі 1 л су берілген.

a) Судың массасын анықтаңыз; (ρcу=1000 кг/м3)

[1]

b) 5 г спирт толық жанғанда бөлінетін жылуды есептеңіз; (qспирт =27 МДж/кг)

[1]

c) Егер спирттің жануы кезінде бөлінген жылу толығымен суды қыздыруға жұмсалса, судың соңғы температурасын анықтаңыз. (ссу=4200 Дж/(кг∙К))

[1]

d) b-жағдайында есептелінген жылу мөлшерінің мәнін пайдаланып, керосиннің қанша мөлшерін жағу қажет екенін есептеңіз (qкеросин =46 МДж/кг).

[1]

mrmolchanov201 mrmolchanov201    2   18.10.2020 07:40    60

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi