Адам... Адам болу – қасиетті атақ. Адам атың болған соң, сен – ата-анаңның, еліңнің, Отаныңның перзентісің. Отан алдындағы қарызың мен парызың – ең ұлы жауапкершілігің. Адами қасиеттердің арқауы – Ар, Ұят, Намыс. Намыс адам өмірінің әр сатысында әртүрлі байқалады. Ол мен деген сәби намысы, ол – өзін-өзі біле бастаған балғын жастың жігіттік намысы, ол – бойжеткен ару намы-сы, ағайынның аты озғандағы, ауылдастың тайы озғандағы ер намысы, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Ұлт намысына мінсең, сен алмайтын қамал жоқ. Отанын сүюдің негізі – ұлттық намыс. Намысы бар ұл айбынды келеді, айдынды келеді, жоғалғанды табады, ұмытылғанды алады, өркениет төріне жол салады.

(Манаш Қозыбаев)

Тапсырмаларды орындаңдар:

1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар:

2.Көтерілген мәселені өз ойыңмен жалғастырып жазыңдар.

дайте даю​

Kolabonic3 Kolabonic3    3   12.10.2020 20:37    9

Ответы
zzzzzzz555555 zzzzzzz555555  11.11.2020 20:38

мәтіндегі негізгі ой-әрине адами қасиеттердің адам бойынан табылуы.Ол қандай жағдай болса да,ең алдымен адам бойынан көрінуі керек қасиеттер.Адамда атақ,даңқ,ақша,байлық жоғалса да осы адами қасиеттер жоғалмауы керек.

2.Ұлтшыл болу-біздің басты қағидамыз.Жаныңмен,тәніңмен өз еліңді сүю-нағыз патриоттылықтың белгісі.Өз жеріңді,өз еліңді,кішкене бір топырғамен болсын мақтан тұтып ,сүйе білсең-сенде ешбір белес,алынбас асу болмас еді.Мүмкін өз жүрегіңде еліме деген жанашырлық болса ғана,сен нағыз ұлтшыл,патриоттық ұрпақ болар едің!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi