Ананың тұлғалық ерекшелігі жайлы эссе қажет Тезірек 100-120 сөз 5-класс 5-сынып. Эссе қажет бүгін кешке дейін

Victoriahamidul Victoriahamidul    1   06.05.2020 12:51    4

Ответы
belos1988 belos1988  14.10.2020 08:35

Ананың тұлғалық ерекшелігі.

Ана- адам өміріндегі ерекше тұлға. Оның ерекшелігі неде? Оның мейірімінде, дәл ондай мейірімді бала анасынан басқа ешкімнен көре алмайды. Оның шыдамдылығында, төзімділігінде, сабырлылығында, бала үшін қажет жағдайда өзін құрбан ететін батырлығында, өзгеге бұйырмаған жанкештілігінде.

Тек, ана ғана түн ұйқысын төрт бөліп, бөпесінің жөргегін ауыстырып, бесігін тербетіп қамқор бола алады. Тек анамыз ғана біздің жағдайымызды түсініп, қателіктерімізді кешіріп, жетістіктерімізге қуана алады.

Ана, ол сен тоқ болса, сен қатарыңның алды болса, адал болса, дені сау, саналы, салауатты, білімді, білікті азамат болса,-деп армандайды.

Сен оған еркелейсің, ал ол сенің еркелігіңе елжірейді, еміреніп, аймалайды.

Міне, бұл біздің Анамыз, асыл тұлғамыз. Ол әлемдегі бар жақсылыққа сай а ң құрметіне, махаббатына лайық тұлға.

Ол әрі батыр, әрі ғалым, әрі ұстаз- бар жақсылық бір өзінің өн бойында.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi