7-тапсырма. Төменде көрсетілген бала құқықтарының қай заңнамалық құжатта, қай бапта айтылғанын іздеп тауып, осы баптарға сәйкес деректі,
дәйекті эссе жаз.
• Әр баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
• Әр бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, ұлты, тегі және
азаматтығы болуына құқылы.
• Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-
қасиетіне және өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
• Баланың сөз және ар-ұждан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық
өмірге араласуына құқығы бар.
• Әр баланың білім алуға құқығы бар.