6-тапсырма. Төмендегі жағдаяттарды жалғастырып, шешімін табыңдар. Жауаптарыңды негіздеп, түсіндіріңдер.
1-жағдаят
Сен аялдамада тұрсың. Адам көп. Автобус келіп тоқтады, адамдардың барлығы
мінуге асыкты. Сен де. Есік алдында қысым пайда болды. Сен автобустың ішіне
кіріп үлгердің, сол сәтте сенің дәл артындағы адамның аяғы тайып, күлайды.
Сенің әрекетің...
2-жағдаят
Сенің көршіңнің отбасында емізулі жас сәби бар. Сәбидің әкесі іссапарда,
анасы катты науқастанып жатыр. Саған дүкенге барып, баланың арнайы тағамын
әкеліп беруді өтінді. Алайда саған шұғыл түрде сабаққа бару керек, күрделі
бақылау жұмысын тапсыру қажет. Сенің әрекетің...
3-жағдаят
Сен базардан тіс пастасын сатып алдың. Сатушы шатасын үлкен қораптың
ішінен 100 мл пастаны алып саған ұсынды. Алайда сен 75 мл пастаға ақша төлеген
едің. Сенің әрекетің...