6-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай жанрда жазылған? Мәтіннің құрылымындағы ерекшелікті анықтаңдар. Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге үлкен университет. Осы 25 жыл ішінде мен талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым. Талай генералдың қол астында қызмет істедім, тәрбие көрдім...
Осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үсте- ріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтың жанын ұқтым деп ойлаймын. Өйткені олардың жүректері, іштерінен шыққан балалары менің алақанымда болды. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халқының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиет- терін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де «жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида» деп, жанып тұрған отқа талай түстім.
Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай жазғанмын: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз адам»... Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы, алдымен, адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын.

oksana1382 oksana1382    1   02.02.2022 20:34    14

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi