6-тапсырма, қазақстанның көрікті жерінде болған кезінді баяндап, оны
суретте де, репортаж дайында. келтірген деректерін, алған ақпараттарын
нақты болсын. ол үшін төмендегі қағидаларды ұстан,
репортаж - нақты бір мәселе бойынша әсерлі түрде баяндау,
репортаж оқиға болған жерде дайындалады.
репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі: өткен оқиғаны
емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды.
репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып бола бермейді.
репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт.
сол оқиғаны қаз-қалпында суреттеп жазады, оған өзінің қа-
тысын білдіріп, оны басқалардың пікірімен толықтырады.
репортаж өмір шындығына сүйенеді.
тілі жатық, стилі тартымды болып келеді.
10