59. Ертең «Мен өскенде кім болам?» тақырыбында төртінші сы- ныптар арасында сурет салудан жарыс өтпекші. Осы туралы досыңа
жазбаша хабарлама жібер, мектеп радиосынан хабарлап айт. Хабар-
ландыру жазып, көрнекі жерге іл.
Мектеп радиосынан конкурс туралы хабарламаны айту
үшін мыналарды ескер:
жарыс қандай тақырыпта, қашан болатыны, кімдер
өткізетіні, кімдерді шақыратыныңды анықта;
хабарламаңды бірнеше рет айтып, дайындал;
( тыңдарманның назарын аударатын сөздерді орынды
Қолдан;
О сөйлеуде дауыс ырғағы мен дауыс екпінін сақта;
шақыру қағазын толықтырып жаз.
Құрметті ...!
Сізді «Мен өскенде кім болам?» жарысына қатысуға ша-
қырамыз.
Өтетін орны:
Уақыты: