Көшпелілердің негізгі мекені солтүстікте Сібірдің қалың ормандарынан оңтүстікте биік тау жоталарына дейін, шығысында Хинган тау шоқыларынан батысында Орал тауы, Жайық,Сырдарья өзенімен шектеседі. Бұл әрине ылғи да осылай болмаған.Көшпелілер иелігінің Солтүстік батысы Дунайдан да ары асып,Оңтүстік батыста Амударья өзенінен әрі өтіп, мемлекет құрған кездері, оңтүстікте қазіргі Қытай жерлеріне дейін қоныстанған кездері болған. Ал, негізгі шекара Орал, Жайық, Сырдарья шегі мыңдаған жылдар бойы көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің басты шекарасы болып, осы шекараның шығыс беті Ұлы Дала деп аталды. Ұлы Даланың негізгі иесі түріктер десек, түрік әлемінің алтын бесігі атанған Алтайды жан-жақты зерттеген академик А.П.Окладников бастаған ғалымдар Алтай тұрғындары жасап, пайдаланған тас құралдардың жасын екі жүз мың жыл деп анықтапты. Осы екі жүз мың жыл ішінде Ұлы Дала перзенттері ақыл-ой, қабілеті дамуымен қатар, сан жағынан да өсіп-өніп, көбейе беріпті. Өздерін ақсүйек санайтын Еуропа елдері – Ари әулетіне жататын француз, неміс, италияндықтарда әлі жазу-сызу болмай тұрғанда, орыс, славяндықтар әлі де қауымдық дәуірде өмір сүріп жатқанда, Ұлы Далада түркілердің жазуы, жоғары мәдениеті болғаны дәлелденген шындық. Ал, түркілердің төл жазуы қашан пайда болғаны әлі анықталған жоқ. Шумерлер мен хаттардың, маялықтардың өркениетін есепке алсақ, түркі халықтарының өркениетінің басы б.д.д. мыңдаған жылдарға кетеді. Көшпенділер алғашқы болып металл өңдеуді, темір қорытуды игерді. Көшпенділердің қолынан шыққан теңдесі жоқ асыл бұйымдар кейіннен «скифтердің аң стилі» деген ерекше атауға ие болып, әлем халықтарын таңдандырумен келді. Олардың байлығы, сән-салтанаты ұстанған бұйымдары мен киген киімдерінен де көрінетін. Орта ғасырлардағы ата-бабаларымыздың ұлттық киімдері мен басқа отырықшы халық өкілдерінің ұлттық киімдерін салыстырып көрсеңіз, кімнің қалай өмір сүргенін көресіз.
Көшпелілердің негізгі мекені солтүстікте Сібірдің қалың ормандарынан оңтүстікте биік тау жоталарына дейін, шығысында Хинган тау шоқыларынан батысында Орал тауы, Жайық,Сырдарья өзенімен шектеседі. Бұл әрине ылғи да осылай болмаған.Көшпелілер иелігінің Солтүстік батысы Дунайдан да ары асып,Оңтүстік батыста Амударья өзенінен әрі өтіп, мемлекет құрған кездері, оңтүстікте қазіргі Қытай жерлеріне дейін қоныстанған кездері болған. Ал, негізгі шекара Орал, Жайық, Сырдарья шегі мыңдаған жылдар бойы көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің басты шекарасы болып, осы шекараның шығыс беті Ұлы Дала деп аталды.
Ұлы Даланың негізгі иесі түріктер десек, түрік әлемінің алтын бесігі атанған Алтайды жан-жақты зерттеген академик А.П.Окладников бастаған ғалымдар Алтай тұрғындары жасап, пайдаланған тас құралдардың жасын екі жүз мың жыл деп анықтапты. Осы екі жүз мың жыл ішінде Ұлы Дала перзенттері ақыл-ой, қабілеті дамуымен қатар, сан жағынан да өсіп-өніп, көбейе беріпті.
Өздерін ақсүйек санайтын Еуропа елдері – Ари әулетіне жататын француз, неміс, италияндықтарда әлі жазу-сызу болмай тұрғанда, орыс, славяндықтар әлі де қауымдық дәуірде өмір сүріп жатқанда, Ұлы Далада түркілердің жазуы, жоғары мәдениеті болғаны дәлелденген шындық. Ал, түркілердің төл жазуы қашан пайда болғаны әлі анықталған жоқ. Шумерлер мен хаттардың, маялықтардың өркениетін есепке алсақ, түркі халықтарының өркениетінің басы б.д.д. мыңдаған жылдарға кетеді.
Көшпенділер алғашқы болып металл өңдеуді, темір қорытуды игерді.
Көшпенділердің қолынан шыққан теңдесі жоқ асыл бұйымдар кейіннен «скифтердің аң стилі» деген ерекше атауға ие болып, әлем халықтарын таңдандырумен келді.
Олардың байлығы, сән-салтанаты ұстанған бұйымдары мен киген киімдерінен де көрінетін. Орта ғасырлардағы ата-бабаларымыздың ұлттық киімдері мен басқа отырықшы халық өкілдерінің ұлттық киімдерін салыстырып көрсеңіз, кімнің қалай өмір сүргенін көресіз.