5 -тапсырма.
Сурет пен тірек сөздерді пайдаланып,
«Көңілді хайуанаттар бағы» тақырыбында
әңгіме құрастырып жаз.
разобраться и можно коротко написать​ выше нужные слова


5 -тапсырма.Сурет пен тірек сөздерді пайдаланып,«Көңілді хайуанаттар бағы» тақырыбындаәңгіме құрасты

Егорка2910 Егорка2910    3   23.10.2020 07:00    39

Ответы
tanyagrandf tanyagrandf  22.11.2020 07:01

Көңілді хайуанаттар бағы.

Осы аптаның демалыс күні қаламыздағы хайуанаттар бағы күрделі жөндеуден кейін өз есіктерін қала қонақтары мен тұрғындары үшін айқара ашқан болатын. Бұл ашылуды әсіресе балақайлар көптен күткен болатын, сондықтан бұл жерде ине шаншар жер болған жоқ. Алдымен құттықтау сөздер сөйленіп, ресми түрде бақтың ашылуы өтті. Одан кейін жиналған қонақтар өз қалаулары бойынша серуендеп, жануарларды көруге аттанды. Айта кететін бір жайт – бұл күні балалар үшін тегін билеттер мен балмұздақ ұйымдастырылды.

Біз өз серуенімізді қасқыр мен түлкілер орналасқан тордан бастадық. Торлары кең, ішінде тағамдары жеткілікті екен. Ары қарай жүре бергенімізде гепард пен пантераны көріп, олардың сымбатына тәнті болдық. Олар сонау Африкадан әкелінген екен.

Тура бақтың ортасында бұрынғыдай қоңыр аюлар орналасыпты. Олардың торының жанында біраз адам жиналып қалыпты. Себебі, аюларға бақтың қызметкерлері тағам беріп жатыр екен, ал кейбіреулерінің сол мезгілде сумен ойнап жатқаны бір қойылым іспеттес болып көрінді. Біз аюларды біраз тамашалап, ары қарай аттандық.

Ары қарай жүре бергенімізде бұтақтан бұтаққа секіріп жүрген тиінді көріп, біраз аялдап қалдық.

Келесі кезекте мойны ұзын керікті көріп, оның бойының ұзындығы аң – таң болдық. Керікпен көршілес жерде таутайлақ (лама) орналастырылыпты. Оларға кіреберісте арнайы рұқсат етілген тағам сатып алған болатынбыз, сол сәбіз бен салат жапырқтарын беріп, біраз суретке түстік. Бұлардан басқа бақта үлкен – кішілі маймылдар, арыстан, жолбарыс, барыс, түлкі, түрлі құстар мен су жануарлары тағы бар. Бақты армансыз аралап, суретке түсіп, уақытты көңілді өткіздік.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
06anna11 06anna11  22.11.2020 07:01

ответ:мен демалыс күндері хайуанаттар бағына барғам. Ол жер өте керемет болды. Көп деген жануарлар болды. Арыстан , қасқыр,жолбарыс және барыс бізге ырылдады. Маймыл мен тиін талдан талға секіріп жүрді. Біз пілге тамақ бердік. Бізге қоянды ұстауға берген.

Жәнеде қу түлкі болды. Барлық жануарлар қоршауда болған. Мен уақытымды көңілді өткіздім. Келесі жолы міндетті түрде тағыда барам.

Объяснение:недеюсь правильно

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi