5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай оқиға суреттелген? Соның бірі мынау: бір жазда, ел жайлауда отырғанда той болды.
Тойға жиналған жұрт көлдің жағасындағы көк майсала отырып,
алдарына табақ тартылған кезде, аспанның биігінде бір бозторғайды
қуып жүрген тұрымтайды көреді.
Бозторғайды аяған жұрт: «Бул бейшара неге төмен қарай
ұмтылмайды, неге жоғарылай береді?» - десе, біреу: «Төмендесе,
тұрымтай қағып түспей ме, соны біліп жоғарылап барады», - дейді.
Аадан кейін жұрт бозторғайдың екпіні бәсеңдеп, тұрымтайдың екпіні
күшейе бастағанын көреді. «Апыр-ай, енді шалады-ау бейшараны!..»
деп аяған жұрт шуласа бастаған кезде, жиынның арасынан мылтық-
тың даусы гүрс ете қалды. Сол кезде торғайды ілгелі жүрген биіктегі
тұрымтай төмен қарай құлдырай құлайды.
Жүрт: «Не болды бұған?» - деп таңданса, тұрымтайды атып
түсірген Ораз екен!..
Ораздың мергендігі осындай болса, құсбегілігі одан да бетер
болган. Есін білгелі қыста бүркіт салудан, жазда қаршыға мен түйғын
салудан қол үзбеген.
Менің малым көп, - деп қалжыңдайды екен Ораз.
Қайдағы мал? - деп сұрағандарға:
Көктің құсы, жердің аңы түгелімен менікі, олар барда мен аштан
өлмеймін, көштен қалмаймын, - дейді екен...

Бантюсик Бантюсик    3   03.12.2020 14:50    11

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi