5-сынып Әдебиет БЖБ 2-тоқсан «Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

1-тапсырма
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыз.

Кейіпкер портреті

(Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары

Автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысына талдау

Жапанға біткен жапырақ,

Жамылсаң тоңар ма екенсің?

Жазғы шыққан бүлдірген,

Сұғынсаң тояр ма екенсің?

Бадана көз, тоғыз тор,

Сауыт киер ме екенсің?

Білтеліні тұтатып,

Түтінін үзбей оқ атып,

Жау қашырар ма екенсің?

Тұлпар атты жаратып,

Құйрық-жалын таратып,

Сырты қырлы, жүзі алмас,

Сапы асынар ма екенсің?

Тең құрбымен теңеліп,

Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып,

Керсеніне бал құйып,

Өмірде сүрер ме екенсің?

Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің,

Қажыма, Ақтан, қажыма,

Жетерсің, әлі, жетерсің.

2-тапсырма

Шығарма авторының бейнесін сипаттайтын түйінді ойыңызды бір сөйлеммен жеткізіңіз.



3-тапсырма

Өлеңнен алған әсеріңізді білдіре отырып, жетім бала Ақтан жасқа (70-80 сөз көлемінде) хат жазыңыз.

саяна7 саяна7    3   04.12.2020 13:22    42

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi