5. М. Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесінде көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз. А. рулық қатынасты
В. достық қатынасты
С. бауырмалдық,ізгілік мәселесін Д. жекжаттық қатынасты
[1]
6. «Бауыр» әңгімесіндегі Манаптың балалар үйіне інісін іздеп келу себебін 3-4 сөйлеммен сипаттап жазыңыз.
[2]
7. «Ауыз үйде әжем күбі пісіп тұр екен. Ертеден қара кешке бір тыным алмайтын бейнетқор әжем-ай. Күмпілдетіп піскенде, қарашы, күбінің түбін түсіре жаздайды. Орамалы сырғып желкесіне түсіп кеткен...» Қожа мен әжесінің қарым-қатынасы жайлы 3-4 сөйлеммен өз пікіріңізді білдіріңіз.
[2]
8. «Егіннің бастары» мысалындағы автордың «... Қалпы емес, тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам» деген ой түйініне өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
[2]
9. Неге Ахмет Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы» ,«Егіннің бастары» өлеңдерінде айтылған ортақ ойды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
[2]
10. «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың іс-әрекетіне мінез-құлқына қандай баға берер едіңіз? Өз тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз.
[2]
11. М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесімен байланыстырып,«Аға алдында пейіліңді көрсет,Іні алдында мейіріңді көрсет...» тақырыбында өз көзқарасыңызды білдіріп, 100-120 сөз көлемінде эссе жазыңыз.