4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология»
1-нұсқа.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселе мен ондағы негізгі, қосымша ақпараттарға байланысты нақтылау сұрақтарын құрастырыңыз.
IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады
Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы қолма-қол басқарылатын болады,- деп хабарлайды «mashable.com» сайты. Қазір «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын әдейі жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Foxconn» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының едәуір үнемдеуін алып келеді. «Apple Insider» ақпаратына сенсек, бүгінде, Қытайда орналасқан «Foxconn» компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.
Жалпы бұл жоспар «Foxconn» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілді. Биыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр.
Сұрақтар
Негізгі ақпаратқ байланысты 1)
Детальді ақпараттарға байланысты 1)
Қосымша ақпараттарға байланысты 1)
2-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді теріп алып, мағыналық түрін анықтаңыз.
Үстеудің мағыналық түрлері Сөздер (7)
Мезгіл
Мөлшер
Қимыл-сын
Мақсат
3-тапсырма. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілеріне сөйлемдер құрастырып жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады
1
Детальді ақпаратқа қатысты сұрақ құрастырады;
Негізгі ақпараттарға қатысты сұрақ құрастырады;
Қосымша ақпараттарға қатысты сұрақ құрастырады;
1
1
1
Үстеулерді тауып, мағыналық түрлерін анықтайды. 2 Үстеуді табады
Мағыналық түрін анықтайды 1
1
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсінеді, дұрыс қолданады. 3 Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерінің түрлеріне сөйлемдер құрастырады
4
Барлығы 9