4-тапсырма. Мына сөйлемдерге сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз. Бездер адам ағзасында арнаулы заттар – секреттер бөліп шығаратын мүшелер. Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, дененің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Ұйқы безі аралас безге жатады, себебі эндогендік те, экзогендік те секрециялық қызмет атқарады.