4-тапсырма.Мәтіннен кісі есімдерін тауып,кім?,қайда?қандай?не істейді ? деген сұрақтарға жауап беріңдер. Мысалы: Кім? –Сергей Петрович
Жұмыс басталды. Көремісің, кеш те келе бастады, — деді Сергей Петрович,— колхозбен шарт
жасасқан кезде, бұл көштер өзен суындай құйылады әлі.
Иә, ел хабарланды, елеңдеп тұр.
Соларға алдымен су, нан, баспана керек. Бізде әзір бірі жоқ.
— Қинағанда су қинар, — деп Сейтқалы желкесін қасыды. Бүкіл Қарағандыда екі-үш құдық
болатын, су тереңде. Құдықтың өзін көбейту оңай емес. Бірақ Сергей Петрович судан гөрі
баспананы айта береді:
— Темір жол жоқ, құрылыс материалдары жоқ. Қыстыкүні қайда паналайды жұмысшылар?
— Жеті километрде «Қызылқұдық», төрт километрде «Аққұдық», алты километрде
«Ащылыайрық», тоғыз километрде «Бұқпа» колхоздары тұр ғой. Тіпті, қысылып бара жатса,
жербарак қазып алмай ма? Оған кеп материал керек емес. Бәрінен су қымбат. Суды колхоздан таси
алмайды...
Әңгімені шақылдаған балға дауысы бұзды. Биік, темір трубаның дәл түбіндегі тасқора бұрынғы
«Герберт» шахтасы орнаған үй. Шахтаның өзін ағылшындар кетерінде мүлде бүлдіріп кеткен.
Қазір сол шахта үйінін, бір бөлмесінде Көктайынша балға соғып тұр. Аты өзіне сай, киіктің
асығындай ғана адам, ертеде арағандыда істеген атақты ұста болатын. Донбасшылар
келгенін естіп, елден бұрын келді. Жаңа Қарағандыда бірінші соғылған балға, бірінші құрылған
көрік соныкі. Қайла ұштап жатыр екен, қолының ебіне Сергей Петрович сүйсініп:
— Темірді балшықтан оңай илейді екенсіз,— деді.
Көктайынша орысша доғал тілімен именбей сөйлесті.
— Қарақызды көрсеңіз не дер едіңіз?
— Ол қайда?
— Қайтыс болған.
— Ескі жұмысшыларға хабарлай беріңіз, келе берсін. Қайлаларын ала келсін, сайман жетпейді.

galin56owukth galin56owukth    2   17.09.2020 01:01    16

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi