1-тапсырма. Кейіпкерлердің іс-әрекетін оқып, сол іс-әрекеті негізінде қандай адам екенін анықтап жазыңыз. Қожа -...Менің тәртіпсіздік қылықтарымның қай-қайсысының да себебі бар еді. Бақаны сумкаға Майқанова талып жығылып қалсын деп салмадым. Оның соншалық шошымал адам екенін білмедім. Тіпті, ақыры не болады деп ойлап та жатпадым, салғым келді –салдым. Осындай бір ақымақтық кейде ақылға мұрша бермей дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, соңынан бармағыңды тістейсің...
Сәйбек қарт -- Әй, Қожа. Сенің әкең марқұм азамат еді ғой. Оған тартсаң, директор түгіл, одан үлкен боласың...Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын...Әкең сондай парасатты, ақылды жігіт еді...Ал сен... Сен ғана емес-ау, қазіргі осы оқып жүрген балалар, көбің ақымақсың. Ақымақ емей немене, тәртіпті жүр, жақсы оқы, адам бол десе, сендер оның бәрін керісінше істейсіңдер...
Майқанова -- Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың. Барлық оқушыға бірден жетіспейді. Екіншіден, әуелі лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз...
Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды.
Қадыров –түбінде а -деді Майқанова.
Оты бар, -деп қостады Ахметов.
Майқанова қас дұшпаным деп жүрсем, директорға мақтап бара жатқаны қалай?...