4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Ертеңінде түсте жат иіс шықты. Жоғары жақтан дауыстар естілді. Ақ
қасқыр күшіктердi iнге тығып, тобылғының ішіне кірді. Іннің аузына екі
аяқтылар жыбырлады.Мықты қолдар күшікті сыртқа шығарды. Бесеуін өлтірді де ең кішісін
алып кетті. Қасқыр қалған жалғыз күшікті тістеп алып кетті. Ін бос қалды.
Кек күшік ауыл тұрғыны болды. Кішкене Курмаш күшікке «Көксерек»
деп ат қойды. Жеке асқұйғыш
Итаяқ әзірледі. Мойнына жіг тақты.
Құрмаш күшікті қасына алып жатады. Құрмаш Көксеректі әбден бапта-
ды. Көксерек үлкейді. Бірде-бір ит мұны дос көрмеді. Төбеттер талап та-
стайды. Бірақ Көксерек «қыңқ» деп дыбыс шығармайды.
Тағы емес пе! Жасымайды! - деді ауыл адамдары.
Көксерек ашқарақ. Жанында адам тұрса, тамақты жемейді. Адам
болмаса, тамақты жоқ қылады. Егер қарны ашса, бермеген тамақты жеп
қояды. Сосын таяқ жейді. Өзі ешкімге соқтықпайды. Суық. Құрмаш пен
ежесі шақырса, келеді. Сондықтан үлкен адамдар:
Бұны өлтіріп, терісін алу керек, ит болмайды, - деді.
Бірақ Құрмаш көнбеді.
Құрмаштың әжесі де:
Туу, көзі жап-жасыл болыпты. Енді мұны өлтіріп, терісін алайық,
деді
. Құрмаш бұл сөзге көнбеді. Сол түні Көксерек жоқ болып кетті. Екі
күннен соң қайтып келді. Құрмаш пен әжесі бұған қуанды. Көксерек се-
міріп, орасан боп өсті. Ол шынымен алып қасқыр болды. Күзде Көксерек
тағы жоқ болып кетті. Бұл жолы қайтып келмеді.
мне нужен план по этому тексту можно