4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Наурыз мейрамы басқа елдерде калай тойланады екен?
Өзбекстан халқы «Навруз мейрамына 15-20 күн алдын ала
дайындала бастайды. Яғни, арыктарды кокыстан тазартып, ағаштардын
түбін өстейді. Әр махалла (көше, ауыл) Наурыз мерекесін өз көшесінде
тойлайды. Мейрам карсанында Наурызкөжеге ұксас сумалак» немесе
ханалау әзірлейді. Бұл бидай кайнатылып, мактанын майын
косу аркылы дайындалатын тағам. «Сумаляк» өмірді, молшылыкты
білдіреді.
Түрікменстанда «Новруз мейрамы ресми түрде 1992 жылдан бері
аталып келеді. Бұл елде дастарқан басына бидайдан жасалған тағам
түрлері, халва және ұннан жасалған ас түрлері қойылады. Дегенмен
түрікмендер үшін ең басты тағам бидай сабағынан дайындалған
семене» болып есептеледі.