4-тапсырма. Мәтінді мазмұнындағы ақпараттарды салыстыр. Теңіздің алыс-жақындығы жердің климатына ықпал етеді. Жаға- лаудағы аймақтарға жайлы қыс және салқын жаз тән болса, теңізден қашық жерлердің жазы ыстық, қысы суық келеді. Айналасындағы жазықпен салыстырғанда таулардың климаты анағұрлым ылғалды болады. Тауларға жауын-шашын мол жауады. Өйткені теңіз деңгейінен биік жерлердің температурасы төмен болады. Тауда климат тез өзгереді. Тау биіктеген сайын температура салқын- дай береді. Таудың етегінен шыңына дейін түрлі-түрлі өсімдіктер мен ағаштар өседі. Кей таулардың етегінде жүзгін, жыңғыл, жантақ, шеңгел тәрізді шөл далалық өсімдіктер, одан кейін жалпақ жапырақты ормандар, ал басына қарай самырсын мен шырша тәрізді қылқанжапырақты ағаш- тар кездеседі. Одан әрі қарай ағаштар сирейді. Биік таулардың басын жалаңаш тас немесе мәңгі қар мен мұз құрсап жатады. Табиғаты қа- тал болғандықтан, тауларда тіршілік ету оңай емес. Шөл далалардың ауа райы тұрақты емес. Ол – температурасы жиі- жиі құбылып тұратын қатал орта. Кейбір шөл далаларда климат күн- діз өте ыстық, ал түнде температура нөлге дейін түскенде, өте суық болады. Ыстық шөл далалар жыл бойы үздіксіз күн шығып тұратын субтропикалық аймақтарда кездеседі. Шөл даланың қатты желінен шаң бораны немесе құмды боран тұрады. Сағатына 120 км үрлейтін желді борандар өте үлкен және бүкiл құмды дөңнің қамын жылжы- тып, орнынан қозғап жібереді. Шөл далаларда әртүрлі аңдар тіршілік етеді. Шөл далада тіршілік ететін аңдар судың тапшылығына, өте ыстық температураға және қо- ректің аздығына бейімделген. Шөл даланың кейбір аңдары мүлдем су ішпейді. Олар керек суды жейтін қоректерінен алады. Құм шiлi ба- шөлге лапандарына өз қауырсынының астындағы суды береді. Түйе барынша шыдамды жануар. Түйелер салқындау үшін бір-біріне жақын жүреді. Судың тапшылығынан шөл далада өсімдіктер аз өседі. Шөл дала өсімдіктері ұзын тамырлары арқылы жерасты суларынан нәр алады. Шөл далада құмырсқалар үйіріліп жүрген немесе сүтқоректілер қазып тастаған жерлерде жерасты суы кездесед