4-тапсырма. Мәтінді кезектесіп оқыңдар. Қай мәтіннің жалғасы екенін анықтаңдар.
Түсіндірме сөздік
G G
Мая - үйілген
LON.
Келі - дәнді да-
қылдарды ұнтақ-
тауға арналған
ағаш құрал.
Астау - ағаштан
жасалған ыдыс.
Жаз шыға, бәріміз (әпкелерімді айтамын)
Апам есіп берген жіпті алып, тоғайға отынға
аттанатынбыз. Бір-бір арқа отын көтеріп, ең алда
Апам, содан кейін құндыздай шулаған біздер
күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық
шөпті де ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға
толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана
әке-шешеміздің мойнында... Шынымды айтсам,
бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді,
оның іні-қарындастарын асыраған Апамның теректен ойып жасаған
келісі мен ескі астауы еді... Осы келі мен астау тіпті өкемнен де
үлкен...
Қазір Апам жоқ! Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген
атлас көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен
жыл жолдас болған жыртық астау да қаңсып қалды, өне... Апам
ала кеткен жоқ. Апам менің...
Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі
це сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...
О. Бөкей. «Апамның астауы»