3-тапсырма. Төменде интонацияға қатысты берілген ұлы адамдардың пікірлерін мәнерлеп, дауыс сазын келтіріп оқы. Интонация сақталды ма? Бір-біріңді бағалаңдар. Кідіріс сөйлемнің қай жерінде жасалады? Логикалық екпін қай сөздерге қойылады? Адамның түрлі көңіл күйіне сөздің түрлі әні сәйкес келеді.