Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінді арқылы түсіндіріп, идеясын ашып жазыңыз ҮЗІНДІ
Енді қайттік дегендей, көшеде аңтарылып тұрғанымызда Садық: - Мен таптым қай жерге отыруға болатынын, - деді. Бәріміз соған қарай қалдық... Біз санымызды шапақтап, «уралап», ауылдың шетіндегі ат қораға қарай жүгірдік. Арт жағы аласа тас қораның үстіне тырмыса-тырмыса шығып алдық та, сол күні ғана Қараойдан әкелінген көк жауқазын шөпті үңгіп-үңгіп жіберіп, отыра-отыра кеттік. Құрғақ шөптің танауды жарған хош иісі мас қылғандай тұла бойымызды шымырлатты. Шетімізден пысқырынып, мұндай рақат дүние тапқанымызға мәз-мейрам боп, бірімізді-біріміз итеріп қап, шөпке аунатып, сықылықтай күлісіп, жұмсақ шөпке тығыла түсеміз.