3-тапсырма. Сөйлемдерден еліктеу сөздерді тауып жазып, түрлерін ажы- ратыңдар.
разы
1. Ол жүрісін кілт доғарып, жалт қарады. 2. Рақым өзіне-өзі
болмай, дел-сал күйде жүр. 3. Тамағын апыл-ғұпыл жеп, жұмысына
асықты. 4. Аяш қаңқ ете қалды. 5. Гүлшаттың ызыңдаған даусы
еміс-еміс естіледі. 6. Тарсыл-гүрсіл дауыстан аспан шайқалды, беліне
тиген соққыдан жер теңселді. 7. Амал жоқ, сықырлауық орындыққа
сылқ ете түскенім әлі есімде. 8. Етпеттеп біріне-бірі жақын келгенде
«ыр-р, ыр-р» етісіп, тістерін тигізіспей қағысып өтісті. 9. Үрпек
жүн, сап-сары, доп-домалақ кішкентай балапандар шиқ-шиқ етіп
енелерінің аяғының астында ерсілі-қарсылы шауып жүр. 10. Арт
жағындағы жол бойында қыбыр еткен жан жоқ, тым-тырыс сияқты.