Оқылым 3-тапсырма. Мәтін бойынша кестені басшылыққа ала отырып, кейіпкердің мінез-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз. Мінездеменің тілдік құралын талдаңыз. Қарахан мен Айша бибі (аңыздан үзінді) Айша бибі — шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Айша бибі еліне сапарлап келген жас жігіт Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Айша Бибінің көркіне ақылы сай сұлу болған. Қарахан елінің батыры - Айшаға ғашық болады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады. Келін болып босаға аттамаса да, уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін сонда түнейді. Айша бибі кесенесі ХІІ ғасырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Тараз қаласынан 18 шақырым жерде тұрғызылды. Кейіпкерге өз пікіріңізді жазыңыз
Кейіпкердің жасы, сыртқы келбеті
Кейіпкердің мінезі, қылығы, ішкі жан-дүниесі
Кейіпкердің іс-әрекеті Қарахан