3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтін бойынша бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар. Вот текст!!
Баланы еңбекке үйретуді үй ішінен бастау керек. Ал олай етпесек,
баланы үй ішіндегі жұмыстарға араластырмасақ, «сен сабағыңды ғана
оқы, ойыныңды ғана ойна» десек, онда мұнымен балаға жақсылык
еткен болмаймыз. Жасынан еңбекке араласпай өскен бала ержеткенде
ынжық болады, кісіге арқасүйегіш келеді, өз қолымен еш нәрсе істей
алмайтын болады. Ондайлар өмірге икемсіз, қиыншылыққа шыдамсыз
келеді. Оған сол жастардың өздерімен қатар, әке-шешелері де кінәлі.
Өйткені кейбір ата-ана «баламыз жасында бейнет көрмей өссе екен,
баламызды ержеткенге дейін өзіміз-ақ асырап сақтаймыз, сондықтан
оның жас басынан еңбек етуінің қажеті жоқ» деседі. Бұл - қате түсінік.
Мәселе баланы жасынан еңбекке үйрету арқылы оның болашақта
өмірге керекті және өмірдегі орнын таба алатын адам болып шығуына
көмектесуде жатыр. Егер баланы жасынан еңбекке үйретіп, еңбек етуге
тәрбиелемесек, еңбек дегеннің, өмір дегеннің не екенін түсіндірмесек,
онда баламыз өсе келе кім болмақ? Әрине, ол өзі еңбек етпейтін,
еңбек етуді сүймейтін, басқа адамдардың еңбегімен табылған киім мен
тамаққа ортақтасып, соны сүйетін жатыпішердің бірі болады. Ал біз
баламызды мұндай болғызбаймыз десек, оны жасынан еңбекке үйрете
беруіміз керек.

Можете

kreker128 kreker128    3   30.11.2020 05:52    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi