3-тапсырма Көркем шығармадан депті сөйлеге мысалдар тауып жазыңдар. Леп белгісінің қойылу себептерін түсіндіріңдер

рябиночка17 рябиночка17    1   04.04.2021 09:53    4

Ответы
imi2 imi2  04.05.2021 09:54

1. Мына жолдарда леп белгісі бұйрықты білдіріп тұр.

Тек Бапайдың кемпірі:

— Әй, Аян, қайдасың?! Анау сиырды байла! Қаз-үйректерді қама! Биені суғарып, шөп сал! — деген кезде, бізге жалтақтай қарап үйге кететін, едәуір уақыттан кейін қайтып оралатын.

( С. Мұратбеков “Жусан иісі”)

2. Бұл жолдарда леп бергісі сүйіспеншілікті білдіріп тұр.

Қазірде көлденең көзге себепсіз сияқты осы шаһарда жүріп қалсам да, мен Әйгерімді ыстық сағынышпен сағынамын! — деді.

( М. Әуезов “Абай жолы” 2 том)

3. Бұл жолдарда: ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, ерекше сезіммен айтылатын лепті сөйлем.

— А? Сөйтіп пе? Е-е-е баласынан айналдым,.. Құлдығым... Көкесіне тартқан құлыным... Сенің жолыңа мен неге құрбаның боп шалынбаймын, садағаң боп неге кетпеймін!..

( С. Мұратбеков “ Жабайы алма” )

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi