3-тапсырма Берілген мәтін негізінде мынадай сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Көк-Мардан қала құрылысының ерекшелігі қандай?
2. Қазба жұмыстарының нәтижесінде қандай олжалар табылды?
3. Табылған заттар бойынша қаңлылардың кәсібі мен шаруашылығы туралы қандай қоры-
тынды шығаруға болады?
Үйлер төртбұрышты келген, бір немесе екі бөлме етіп тұрғызылған. Екі бөлмелі
үйлердің жанынан шаруашылық пен тұрмысқа қажетті заттарды, тағамдарды сақтай-
тын ыдыстар қойылған шағын бөлмелер салынған. Қалашықты оңтүстік-шығыстан
солтүстік-батысқа қарай үлкен көше кесіп өткен. Сонымен қатар сүйектен жасалған
заттар (түйреуіш, күрделі садақ бөліктері), алуан түрлі қыш ыдыстар (құмыра, тос-
таған, саптаяқ) көптеп табылған. Кейбір ыдыстардың ұстағышы мен иық тұсына таңба
секілді түрлі белгілер салынған. Диаметрі 0,3-0,4 метр бойтұмар (медальон) та-
былған. Діни жоралғыларды атқаратын ғибадатхана анықталған. Қазба жұмыстары
кезінде темірден жасалған заттар (пышақ, шот, садақ ұшы) көп кездесті.