Кереге уық шаңырақ үй есік сөздеріне фразеологизмдер мағынаымен керек еді 80 беремін тез керек болып тұр

lara2377 lara2377    2   07.09.2019 00:10    1

Ответы
Alina2007271 Alina2007271  06.10.2020 22:04

Кереге уық шаңырақ, үй, есік сөздеріне фразеологизмдер:

Босағасын паналады – «үйіне тығылды, бас сауғалады, күн көрді», босағасын тоздырды – «қайта-қайта келді, келгіштей берді»,

босағасын солқылдатты – «күш көрсетті, қиратып кете жаздады», босағасын шапты – «шаңырағын ортасына түсірді, жауласты»,

есігі ашық – «қонақжай, кең пейілді, дастарханы жаюлы»,

есігі тар – «пейілі тар, сараң үй»,

есігінде жүрді – «біреудің босағасында қызмет етті»,

есіктегі басы төрге жетті – «елеусіз адамның беделі өсті, мерейі үстем болды»,

есігінің алдына кетірді – «дегенін істетті, бас идірді»,

есігі ойран, төрі талқан болды – «шаңырағы ортасына түсті, тас-талқаны шықты»,

есіктен шықса тесіктен, тесіктен кетсе есіктен келді – «мұнан кіріп, одан шықты, су жұқпас қу»,

есігін ашпады – «хабарласпады, келмеді»,

есік пен төрдей – «бір аттам жер, таяқ тастам жер, тіпті жақын жер», кереге бойлы – «ұзын, керегенің ұзындығындай»,

керегеден шығарып жіберді – «итше қуып жіберді, керегеге таңылды» (ұятқа қалған кісі туралы),

керегесін керту – «керегесін кескілеп, ойран салу»,

уығын қадасып, шаңырағын көтерісті – «ортақ іске белсене қатысты, жәрдемдесті»,

шаңырағы қаңырап қалды - "үйі босап қалды",

шаңырағы ортаға түсу, шаңырағы шайқалу - ұрысу/ ажырасу.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi