3-тапсырма, 59-бет. Мәтінді оқып, тақырыпқа назар аударып символ сөздерді анықтаңдар. Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
- Ақ ата, келген бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? - дейді. Сонда Бөлтірік:
- Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ ұшып - қонған құсың емес пе, балаң артта қалған ізің емес пе? Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын -туысыңмен, ел-жұртыңмен сіз - біз десіп, өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от, - дейді.