3.Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс,бұрыстығын анықта А)Қатты күйген тері қысқа уақытта қалпына келтіріледі
Ә)Тері жасушалары ерікті донордан немесе науқастан клиникалық сынаққа дайындық үшін алынады
Б)Тері жасушасын жарақаттың жанына жабыстырады
Мәтің: Қазақ ғылымының жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды
тері ойлап тапты. Бұл әзірге алғашқы сынақтардың нәтижесі ғана. Барлығы ойдағыдай іске
асатын болса, денесі күйген немесе басқа да тері жарақаттарын алған науқастар үшін
биотерінің көмегі көп болмақ. Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен әлемнің
дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар. Еліміздің ғалымдары енді сол жетістіктерге өз
күштерімен жетуге талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір Ұлттық биотехнология
орталығының жұмысы да қарқынды.
Әдетте денесі қатты күйгендердің терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады.
Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу
процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Ал жасанды тері арқылы осы
қиындықтардан арылуға болады. Ғалымдар ең әуелі егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген.
Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа
дайындалып жатыр. Яғни бұл жолы сынақ адамның өзіне де жүргізілуі мүмкін. Ол үшін
ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады. Сосын оны арнайы
зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған жерге немесе басқа да жарақаттың үстіне
жабыстырады. Бұл ең әуелі зақымданған терінің қалпына келуіне жылдам көмектеседі және
астыңғы жараның беті қайтқаннан кейін, он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен
түсіп қалады.
Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар
«екі жылдай уақыт керек» деп отыр. Биоинженерия саласындағы бұл жаңалықты
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру қыруар қаржыны
талап еткенімен, ғылым саласындағы айтулы жетістігімізді медицинада қолдану арқылы
болашақта кеткен қаржыны қайтаруымыз әбден мүмкін.