Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.
Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.

Ақпараттың дұрыс, бұрыстығын тап.

Ақпарат
Дұрыс
Бұрыс
1
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар.

2
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананы ерекше құрметтемген.

3
Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

4
Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды.

5
Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі..


Берілген «Әке –шеше» сөзін тәуелде.
МеніңСеніңСіздіңОның

Мәтінді түсініп оқып, 5 сұрақ құрастыр.
Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темір қазығы. Себебі қазақтың салт-дәстүрі, қазақтың қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Ауыл еңбекшілері ауыл шаруашылық еңбегі арқылы қалаға шикізаттарды өңдеп қайтарып отырады. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлестерімізді қосуға тиіспіз. Біздің еңбегіміз – қазіргі жағдайда сапалы білім алу.
1.
2.
3.
4.
5.


Берілген «Ауыл, қала» сөздерін септе.

Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік ​

Kik1924 Kik1924    2   29.10.2020 18:06    21

Ответы
Abdua245 Abdua245  29.10.2020 18:10

сын есым бул сын есым сын есы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Амина9505 Амина9505  29.10.2020 18:10

1)дұрыс

Бұрыс

Дұрыс

Бұрыс

Дұрыс

2)Менің әке-шешем

Сенің әке -шешең

Сіздің әке-шешеңіз

Оның әке-шешесі

3)1)Ауыл деген не?

2)Ауылдан не бастау алған?

3)Ауылдың не пайдасы бар?

4)?

5)?

4)

А ауыл,қала

І ауылдың,қаланың

Б ауылға,қалаға

Т ауылды,қаланы

Жауылда,қалада

Ш ауылдан,қаладан

К ауылмен,қаламен

Объяснение:

Неғой өзім жаздым,еңбегімді бағалап лучший ответ ете салшы өтініш.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi