3. Бүгінгі күні Атымтай сияқты жомарт адамдар бар ма? Естігендеріміз бен көрген- дерімізді ортаға салайық. Сөз

aysun222222 aysun222222    3   08.12.2021 17:01    3

Ответы
xeniakudriavts1 xeniakudriavts1  26.01.2022 14:36

Объяснение:

Абайдың 38-қара сөзінде жауанмәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл). Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат мағлұм болмақ. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт аталса, оның жасаған істері Жомарттық деп аталады. Абай мұндай адамдар қатарына пайғамбарларды, әулиелер мен хакімдерді жатқызады. Адамның бәрі пайғамбар, әулие, хакім бола алмағанымен, Жомарттық – осы жолға бастайтын қасиет. Жомарттық әлем халықтары түсінігіндегі меценаттық ұғымымен мәндес. Ежелгі Грекияда Август патша кезінде өмір сүріп, ақындарға ұдайы қамқорлық жасаған Меценат (б.з.б. 74/64 – 8 жыл) есімді адамның құрметіне әлем мәдениеті тарихында меценаттық дәстүр қалыптасқан. Бүгінгі күнгі қазақ ұғымында мұндай іс демеушілік деп те аталады. Бұл түсініктегі Жомарттық – қолында байлығы бар азаматтың мұқтаж жандарға жасайтын қайырымдылық көмегі. Қайырымдылық – Жомарттың негізгі өзегі. “Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас” деген қазақ мақалы осыны айғақтайды. Қайырымдылық мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түйсінуі керек. Сондықтан да Жомарттық жасау рухсыз адамның қолынан келмейді. Біріншіден, ізгі іс биік рухты талап етеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi