2 – тапсырмаСан есімдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып жазыңдар,
мағыналық түрлерін ажыратыңдар және бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
30 дан, 40 қа, 5 сынып, ІІІ курс, 3 курс, 12 мектеп, ХХ том, 20 том, 7 сәуір, 1983 жыл, 40 таған, 20-30 дарда, 40 аса,50 ге жақын, 10,5, 2,5,
3– тапсырма. Сан есімдерді тауып , тұлғасына қарай ажыратыңдар.
Үйге жиырма шақты артист жиналды. Тас көмір – бұдан екі жүз миллиондаған жылдар бұрын жер бетіне қаптап шыққан өсімдіктердің денелері. Қазір республика совхоздарында жүз мыңдай агроном , инженер, зоотехник және басқа мамандар жұмыс істейді . 1916 жыл. Шілденің ақырғы айы – августың бас кезі. Баскент қазір жүз елу мыңдай халқы бар , бұрынғыдан алты – жеті есе ұлғайған индустриялы , көп құрылысты қызық қала , өнерлі қала боп қатты өсіпті .
4 – тапсырма. Болжалдық сан есімді тауып , жасалу жолын, ерекшелігін айтыңдар.
Жүзден астам ұлттар мен шағын халықтар өкілдері қазақ жерінде тұтас бір семья құрып, өмір сүріп , жемісті еңбек етуде . Бұл көшке жетпіс шақты адам жиналды . Үйден 16 – 17 шамасындағы бұралған әдемі қыз шықты, үсті – басы малынып тұр. Биыл үй басына екі жүз, үш жүз пұт егін алайық деп отырмыз. Ауылдан он бес шақырымдай жерде бір ауыл бар болатын . Олар жыл сайын бес – алты мың гектар егін егеді.
5 – тапсырма. Сан есімдерді тауып , оларды синтаксистік қызметіне қарай талдаңдар.
Механизм бөлшектерінің тоқсан тоғызы дұрыс , бірі теріс болса, сол бірі тоқсан тоғызды бөгейді. Екеуінің үйлері де көрші, қораларының қақпасы біріне – бірі қарап тұрады. Республикамызда табиғи шабындық пен жайылымдар шамамен 180 миллион гектар жерді алып жатыр. Астық тасымалын сағаттық графикпен ұштастыру арқасында 250 автомашинаны үнемдеуге мүмкіндік туды.