30 эссе на казахский язык ұстазым сізге мың алғыс не менее 130 слов

англиский33 англиский33    1   08.10.2019 04:30    1

Ответы
esehediev esehediev  10.10.2020 03:20

Ұстаз қандай қасиетті есім. Менің ойымша кез келген адам ұстаз бола алмайды.

ұстаз болудың өзі өнер. Ал, өнерлі болу кез келген адамға берілмейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғы дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбек болуы шарт. «шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам ұстаз. Себебі шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап ұстазын сыйлап ,құрметтейді.

Шын ұстаз ұстазболуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім қана беріп қоймай, тәлім-тәрбие беру, өмірге икемдеу адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай іс емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кездерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрсып, жекітіп, кейімей ақ олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейдідеп түсінемін. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтып кеткендей, ұстаздық жолда жалығуға хақым жоқ деп есептеймін.  

Менің ұстазымның, яғни сынып жетекшімнің аты:Карипбаева Сәуле ол орыс тілі пәнінен сабақ береді. Мен өз ұстазымды жақсы көремін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi