2-тапсырма. Төменде бірлік пен ынтымақ, береке-бітім туралы даналық сөздер берілген. Мұқият оқып, мағынасын ашыңдар. Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет.
Бірлігіңнен айырылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірген әреке.
Ақтамберді жырау
Халайықтар, жарандар,
Халқыңменен тату жүр.
Дулат Бабатайұлы