Қызыл қасқыр Қазақстан аумағында жойылып кеткен жыртқыш түрі. Қызыл кітапқа енген бұл жыртқыш Тянь-Шань мен Алтайдың биік жоталарында тараған. Бірақ, соңғы 40 жылда Қазақстан аймағында кызыл қасқыр мулдем кездеспеген. Дене тұрқы 100 - 110 см,
құйрығының ұзындығы 45 - 50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Кызыл қасқыр жаз
айларында 2500 - 4000 м биіктікте, таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі
қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Бейжің хайуанаттар паркінде қызыл қасқырдың қаңтар айында көбіне
3-4 күшік туатыны анықталған. Кызыл қасқыр - терісі бағалы аң, саны өте аз. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
1-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз.