2-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша сұрақтар дайындаңдар. НАҚ ОСЫ ШАҚ Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген қа- тып етістіктердің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен күрмін. Сен отырсың. Ол жатыр. Нақ осы шақтың күрделі түрі негізгі етістіктің -ып, -іп, -п және а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, жатыр, жүр, тұр деген салып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесуі арқылы касалады. Мысалы: Мен ойнап жүрмін. Сен оқып отырсың. Ол арап жатыр.