2 тапсырма. Мәтінді оқы, өздік,сұрау, сілтеу есімдіктерді теріп жаз. \\ Прочитай текст, выпиши с текста личные, вопросительные, указательные местоимения. (3) Көшпелілер деген кімдер? Көшпелілер туралы түсінік, алдымен, отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Көне қытайда «көшпелілер - жабайы, мәдениеттің – қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да бұлар «тағы жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептелді. Археолог К.Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына , яғни б.з.д 9-7 ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан , Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Ғалымдардың пікірінше «Көшпелі жұрттар өз бетімен таптық қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді, ал олардың әрі қарай дамуы отырықшы халықтардың ықпалымен ғана іске асады. Көшпелі қоғам - бұл даму болашағы шектеулі қоғам». Қандай, кімдер болса да көшпелі өмір сүргендер еңбекке жақын адамдар болған екен. Біз ол халықтың өмір-тіршілігін, мәдениетін құрметтей білуіміз керек. Жіктеу есімдігі Сілтеу есімдігі Сұрау есімдігі