Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повестінде қазақ ұлтына тән көрініс тапқан қандай құндылықтарды байқадыңыз? Құндылықтарды жіктеп жазып, 5-6
сөйлемнен тұратын мысалдар келтіріңіз.
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесті бойынша Момыштың іс-әркетіне талдау
жасай отырып, баға беріңіз.
Біздің апаларымыз алма-алқоры алғаннан гөрі, сол құрғыр айна-тарақ, ине. жіп
алғанды пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді.
Әке-шешесі ақша бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз-қатар тізіп
қояды да бақалшыға:
— Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпәсиден бір қадақ
тарт,— дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп береді. Тіпті сонда бала
көтерген келіндері де келіп:
— Ал, атаңа бар, атаңа бар, тәтті береді, — деп тұрар еді.