2-мәтін
Табиғат ресурстары пайда болуы жағынан литосфералық, гидросфералық, атмосфералық және биосфералық; пайдалануы бойынша өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және көпмақсаттылық; сарқылу дәрежесіне байланысты сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Адамның әрекетінің әсерінен табиғатта түрлі өзгерістер болып жатыр. Оған себеп – адамның күнкөрісі табиғатпен байланысты. Ол табиғаттан керегін алмай, оны пайдаланбай отыра алмайды. Жер қойнауынан пайдалы қазбалар өндіру, металл қорыту, егін егу, су энергиясын пайдалану және сол сияқтылар табиғатқа тікелей әсерін тигізеді. Мәселе – табиғатқа тимеу емес, оны жағымсыз өзгерістерге ұшыратпау. Ол үшін табиғат құбылыстары мен заттарын зерттеп, дұрыс пайдалана білу керек. Табиғат ресурстарын қорғап, оны ұтымды пайдаланғанда ғана адамзат өзінің Жердегі тіршілігін мұнан әрі жалғастыра алады. Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану өндірілген өнімдер мен бұзылған жерді екінші қайтара іске асыру; көмір, мұнай, газ қорын үнемдеу және ауаны ластанудан сақтау; өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау және сақтау; қуат көздерін іздеу шараларын қамтиды.
Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табиғат байлығы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдық,климаттық,су,жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобынга ажыратылады.
Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға артып келеді. Соңғы кезде мұхит қайрандары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.Мамандардың есептеуінше, пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, XXI ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Әсіресе металдардың ең көп пайдаланылатын кейбір түрлері жақын жылдарда-ақ сарқылуы мумкін.
Табиғат байлықтарының ішінде адамзаттың ең көп пайдаланатыны – су. Жер шарында пайдаланылатын тұщы су қорының 70%-на жуығы тек егіс алқаптарын суландыру мақсатында жұмсалады. Сонымен қатар, өнеркәсіп орындары мен тұрмыс қажетіне пайдаланылатын су мөлшері де тез өсіп келеді. Жер шарындағы әрбір қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л су жұмсайды, ал ірі қалаларда бұл көрсеткіш одан да жоғары. Планета халқы 6 млрд-тан асып отырған қазіргі кездің өзінде кейбір елдерде тұщы су тапшылығы байқалады. Сондықтан Антарктидадағы мұзтауларды ауыз су тапшы елдерге тасымалдау, мол сулы өзендерді шөлді аудандарға бұру, теңіз суын тұщыландыру жобалары іске асырылуда.
Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда “үй, қоныс” деген мағына беретін экология ұғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізген. Экология алғашында тіршілік пен оның мекен ортасының қарым-қатынасын сипаттайтын биологиялық ғылым саласы болған. XX ғасырдың екінші жартысында экология ғылымының ауқымы кеңейіп, табиғат пен адам қоғамы арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін кешенді ғылым саласына айналды. Сондықтан табиғи ортаның жай-күйі көбінесе “экологиялық жағдай” ұғымы арқылы сипатталады.

Екі мәтіннің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.
1 мәтін
2 мәтін
Екі мәтіннің тақырыбы
Мақсаты
Аудиториясы
Құрылымы
Тілдік ерешеліктері

Мәтін бойынша қажетті сөздерді қолданып «Табиғат пен адам егіз ұғым » деген тақырыпқа өз көзқарасыңызды дәлелдеп, эссе жазыңыз. 150 сөз​


2-мәтін Табиғат ресурстары пайда болуы жағынан литосфералық, гидросфералық, атмосфералық және биосфе

димкаа2 димкаа2    2   04.03.2021 07:15    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi