Бүл аңыз ертегінің әсерінен болуы мүмкін: Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде ағайынды жеті жігіт өмір сүріпті.Өздерінің ауызбіршілігі мықты, күшті, сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар Жетіқарақшы атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Қуып жеткенде олардың қырғын соғысынан ақырзаман болады дейді, аңыз. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың атаманы, жанында көмескіленіп тұрғаны сол Үлпілдек ару екен. Шын мәнінде зер салып байқап қарасақ, Жетіқарақшының сабы жағынан қарасыңыз Екінші әлде үшінші жұлдыздың түбінен әлсіз жарықты жұлдызды көресіз. Одан соң аспан әлемінің екеуі екі қарама қарсы тұсынан туса да таң бозарғанда бір-біріне өте жақындап қалады,
Бәлкім көптеген халықтарда Жеті санының қастерлі болуы, әсіресе апта санауының жеті күнді негіз етуі осы жеті жұлдыздан құралған Жетіқарақшыға қатысты болса керек.