1мәтін мазмұны бойынша ПОПС формуласын құрастыр. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...».
Мәтін-
Спорт – денсаулық кепілі
Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі- жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.
Еліміздің ертеңгі тізгіні - жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз.
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі.
Менің ойымша, басты байлық - денсаулық, ал денсаулықты сақтау әрбір адамның басты міндеті.
Себебі, мен оны былай түсіндіремін. Адамның денсаулығы жарамаса, ол барлық нәрседен жалыға бастайды, өмір сүру қағидалары өзгереді, еңбекке құлшынбайды.
Оны мен мына фактілермен,мысалдармен дәлелдей аламын. Мысалы, жай ғана бас ауруын алып көрейік. Ондай жағдайда адамның көңіл күйі түседі, тамақтан да жұмыс істеуден де бастартады.
Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім. Денсаулық - зор байлық. Біз денсаулық сақтау үшін алдымен спортпен айналысып, дұрыс тамақтануымыз керек. Осыны әдетке айналдырсақ біздің күніміз көңілді, денсаулығымыз мықты болары анық.