1882 жылдың 16 маусымы ресми емес мереке - Үтік күні. Осы күні американдық өнертапқыш Сэли Генри электр үтігін ойлап тапты. Үтік — киім-кешектердің мыжылыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Тігін жұмыстары кезінде ылғалды-жылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу, желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет. Алайда үтіктеу бір қарағанда оңай көрінгенімен, іс жүзінде кейбір маталардың қыртысын жазуға біраз әрекеттену керек екенін байқаймыз.

Киім қыртысын жаюдың амалдары. Бірінші кезекте матаның ішкі жағында орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады. Егер үш нүктелі үтік белгісі тұрса, бұл матаны максималды температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді. 200 С дейін температурамен мақта, зығыр маталарын үтіктеуге болады. Екі нүктелі үтік белгісі орташа температурада, 130 С дейін температурамен жібек, вискоза, полиэфир, полиэстерден жасалған киімдерді үтіктейді. Ал бір нүктелі үтік белгісі сәл қыздырылған 120 С дейін температурамен нейлон, капрон, вискоза, полиакрил, полиамид, ацетатты ұқыптап үтіктеу керек екендігін білдіреді. Үтік белгісі сызылған болса, онда бұл затты үтіктеуге болмайды деген сөз.

Ә мәтіні

Тоңазытқыш кез келген ас үйде маңызды рөл атқарады. Өйткені денсаулығымызға маңызды азық-түліктің бұзылмай сақталуын осы тоңазытқыш қамтамасыз етеді. Тоңазытқыш жайлы барлық сұрақтарға сарапшы маман жауап береді. Тоңазытқышты қалай таңдау керек? Таңдау кезінде асхананың көлеміне ме, әлде үйдегі адам санына негізделу керек пе? Әрине, адам санын да, ас үй көлемін де ескеру керек. Отбасы мүшелерінің талғамына да көп нәрсе байланысты: қаншалықты жиі және қандай азық-түліктерді сатып алатынына. Егер дайын мұздатылған өнімдерді қаласа – онда мұздатқышы үлкен тоңазытқыш алғаны жөн. Дереу мұздату функциясы бар тоңазытқыштар көп мөлшердегі азық-түліктерді тез мұздатуға арналған. Температура дереу -30 С-қа дейін түсіп кетеді, бұл азық-түліктегі барлық дәрумендерді сақтауға мүмкіндік береді. Мұздату процесі аяқтала салысымен, дереу мұздату функциясы өшіп, мұздатқыш камера қалыпты режимде жұмысын жалғастырады, бұл қуатты үнемдеуге септігін тигізеді.

1. Екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетіңіз.

a) Тоңазытқыштың пайдасы

b) Үтіктеу амалдары

c) Тұрмыстық техникалар

d) Техника затбелгісі

[2]

2. А мәтініне қатысты екі ақпаратты белгілеңіз.

a) Киімнің қыртысын жазады.

b) Адам саны мен үй көлеміне сай алу керек.

c) Американдық өнертапқыш ойлап тапқан.

d) Тез арада мұздату функциясы бар.

[2]

3. Берілген затбелгі нені білдіреді?

a) матаны жоғары температурада үтіктеуге болады

b) матаны жоғары температурада үтіктеуге болмайды

c) матаны орташа температурада үтіктеу қажет

d) синтетикалық материалдарды үтіктеуге болады

[1]

4. Cұраққа жауап беріңіз:

Мәтіндердің мақсатты аудиториясы кімдер деп ойлайсың?



елена1154 елена1154    2   19.05.2020 12:23    3

Ответы
ChaffaYT ChaffaYT  18.08.2020 20:49

1.d 2.a 3.c

Объяснение:4 білмейм

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi